Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязовтан бір жілік ет сұрағанын айтты • Шымкентте бензин таситын көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды • Қазақстандық шахматшы қыздар Абу-Дабидегі Азия ұлттары кубогында үшінші орын алды • Freedom Bank қосымшасы істен шықты: клиент банк сайтына да кіре алмаған • Магнус Карлсен Бибісара Асаубаевамен ойнаудан тағы да бас тартты • Жүсіп Ақшораға «Халықтың сүйікті әртісі» медалі табысталды • Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязовтан бір жілік ет сұрағанын айтты • Шымкентте бензин таситын көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды • Қазақстандық шахматшы қыздар Абу-Дабидегі Азия ұлттары кубогында үшінші орын алды • Freedom Bank қосымшасы істен шықты: клиент банк сайтына да кіре алмаған • Магнус Карлсен Бибісара Асаубаевамен ойнаудан тағы да бас тартты • Жүсіп Ақшораға «Халықтың сүйікті әртісі» медалі табысталды •

    Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязовтан бір жілік ет сұрағанын айтты

    Ақын Мөлдір Айтбай әнші Өмірқұл Айниязовтан бір жілік ет сұрағанын, осы оқиғадан ән туғанын және гранд-финалдағы сыйлыққа қатысты өкпесін айтты.

    Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязовтан бір жілік ет сұрағанын айтты

    Сурет: sn.kz

    Ақын Мөлдір Айтбай әнші Өмірқұл Айниязовқа арнап жазған өлеңінің қалай дүниеге келгенін әңгімелеп, өнер иесіне деген өкпесін жеткізді. Оның жазбасына Қайнар Алагөзов те пікір білдіріп, ақынға қолдау көрсетті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мөлдір Айтбайдың айтуынша, ол Өмірқұл Айниязовтан бір жілік ет сұраған. Сол кезде әнші етті інісі арқылы беретінін айтқан. Кейін осы оқиғадан шабыт алған ақын өлең жазып, ән дүниеге келген.

    «Ағадан “етпен айналысады екенсіз ғой, бір жілік ет беріңізші” деп сұрағанмын. Ол өлең жазбай тұрғанда еді. “Інің апарып береді” деді. Келсем, бір жілік ет тұр. Сөйтіп ән шықты», – деді ақын.

    Сондай-ақ Мөлдір Айтбай 30 қыркүйекте өткен гранд-финалда әннің орындалғанын еске алды. Сол кеште Өмірқұл Айниязовтың жұбайы оған сахнада алтын сақина сыйлаған. Алайда ақын бұл сыйлықты күткен дүниесімен салыстырып, көңілі қалғанын жасырмады.

    «30 қыркүйек күні гранд-финалға келді. Әнді айтып болған соң, “Жеңгесінің Мөлдірге сыйлығы бар екен” деді. Сахнада жеңгем сөйлеп, “осынша жасқа келгенде Өмекеңнің он үшінші қабырғасы деген атқа ие қылған Мөлдір қайын сіңіліме” деген кезде, кемі бриллиант набор күттім. Алтын сақина деді», – деп бөлісті ол.

    Ақынның сөзінше, кейін Өмірқұл Айниязовтан тағы бір жілік ет сұраған. Әнші жақында мал соятынын айтып, өтінішін жазып қойған. Алайда еттің ақысын 3300 теңге деп естіген Мөлдір Айтбай бұл жағдайға ренжіген.

    «Өмірқұл аға аудио хабарлама жіберіпті. Содан 3300 теңге дегенді көтере алмадым. Баласына өзім барып алып кетемін дедім. Етті тиеп берді. Баласына “бері кел” дедім. “Мынаны сенің мамаң келіп, елдің алдында таққан еді. «Он үшінші қабырғаны» жазып беріп, бір қабырғаны сатып алатын болсам, онда мен тақпай-ақ қояйын. Алтын тағып отырып жедім деп елестетейін. Осыны әкеңе бер, осымен есептестік” дедім», – деді Мөлдір Айтбай.

    Ақынның жазбасына Қайнар Алагөзов те үн қосып, оған қолдау білдірді.

    «Ботам-ау, есіңде болсын: бір ақын он әншіні асырайды, бір әнші он ақынды асырай алмайды», – деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →