Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі, бірақ ешнәрсе жасырылмайды • Тоқаев Үкімет пен бақылаушы органдарға жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды • Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады • Ақтөбеде дәмханада болған жарылыстан екі адам зардап шекті • Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген екі автовоз аударылып қалды • Димаш Құдайберген Меридада бала күнгі арманын орындады • Тоқаев: Сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі, бірақ ешнәрсе жасырылмайды • Тоқаев Үкімет пен бақылаушы органдарға жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды • Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады • Ақтөбеде дәмханада болған жарылыстан екі адам зардап шекті • Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген екі автовоз аударылып қалды • Димаш Құдайберген Меридада бала күнгі арманын орындады •

    Мекке маңында дрон атып түсірілді

    Мекке маңында дрон атып түсірілді
    Фото: bumppy.com

    Сауд Арабиясы Йеменді Меккеге дрон ұшырды деп айыптады. Елдің Қорғаныс күштері ұшқышсыз ұшу аппаратын Меккенің оңтүстігінде, қалаға кіруге тыйым салынған әуе аймағына жетпей қағып түсірді, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Сауд Арабиясы бастаған әскери одақ «Хуситтер қасиетті орындар мен азаматтық нысандарға шабуыл жасады» деп айыптап, халықаралық қауымдастықты бұған қарсы әрекет етуге шақырды.

    Ал хуситтердің әскери өкілі Яхья Сари Меккеге жасалған шабуылды теріске шығарды. Ол тек мұнай нысандары мен әскери базаларды қарауылға алғандарын айтады.

    Сауд Арабиясының ресми өкілдері бұл жайт қауіпсіздік тұрғысынан алаңдаушылық тудыратынын айтты. Өйткені Меккеде мұсылмандар үшін қасиетті орындар орналасқан және қалаға жыл сайын миллиондаған адам қажылық сапарға келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →