Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Мөлдір Мұқан ұлына «Қайрат — Реал Мадрид» ойынының VIP-билетін сыйлады (ВИДЕО)

    Мөлдір Мұқан ұлына «Қайрат — Реал Мадрид» ойынының VIP-билетін сыйлады (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Продюсер Мөлдір Мұқан 12 жасар ұлының туған күніне “Қайрат — Реал Мадрид” ойынына vip билет сыйлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан туған күн иесінің әлі ұйықтап жатқанын көруге болады. Мөлдір Мұқан қыздарымен бірге ұлын оятып, түрлі сыйлықтар берді. Бірақ оның ең бастысы «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы тарихи матчқа VIP-билет болып шықты.

    Нұриманның мұндайды күтпегені анық: жасөспірім сезімін тежей алмай, қуаныштан көзіне жас алды.

    Еске салайық, «Қайрат» пен «Реалдың» Чемпиондар лигасы аясындағы тарихи кездесуі 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өтеді.

    Билет құны трибуналарға байланысты:

    Солтүстік және оңтүстік трибуналар — 75 мың теңге

    шығыс трибунасы — 150 мың теңге

    Батыс трибуна — 250 мың теңге

    батыс трибуна (1-9 секторлар, 1-2 қатарлар) — 300 мың теңге.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Мөлдір Мұқан (@moldir.mt)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →