Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Кәсіпкерлер әр күн сайын түркістандық мың студентке ауызашар береді — Түркия консулы

    Түрік кәсіпкерлері әр күн сайын түркістандық мың студентке ауызашар береді. Бұл шара толық Рамазан айында жалғасын табады. Бұл туралы Түркияның Алматыдағы бас консулы Әли Акынжы айтты, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі.

    Қазақ журналистерімен кездесу барысында Түркияның Алматыдағы бас консулы өзге де мәдени шаралар туралы айтты. Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына орай Ахаңның  мерейтойы Түркияда да аталып өтеді.

    Тілшілер сұрағына жауап берген Әли Акынжы былтыр Абайдың 175 жылдығына орай Түркияның 17 қаласында ұлы ақынның атына көшелер, саябақтар, алаңқайлар берілгенін хабарлады.

    Мәдени ынтымақтастық туралы айтқан Бас консул түркі мемлекеттерінің достығы, дамуы, экономикалық қарым-қатынасы төңірегінде сөз қозғады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →