Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынды Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Президент Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынды Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ

    Демалыс күндері ауа райы қалай құбылады

    Демалыс күндері ауа райы қалай құбылады
    Фото: unsplash

    Қазгидромет 8–10 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ ауа райы күтіледі.

    Кезеңнің соңына қарай еліміздің батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

    Республиканың шығысында кезеңнің басында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында барлық күндері оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

    Барлық өңір тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр. Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 35–39°С-қа дейін, оңтүстігінде 35–41°С-қа дейін, ал батысы мен орталығында 36–41°С-қа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →