Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Танымал әзілкеш Ғалым Махамбет сегізінші рет әке атанатынын хабарлады

    Белгілі әзілкеш әрі блогер Ғалым Махамбет жұбайымен бірге сегізінші сәбиін күтіп жүргенін жариялады. Әлеуметтік желіде тараған видео қоғамда түрлі пікір тудырды.

    Танымал әзілкеш Ғалым Махамбет сегізінші рет әке атанатынын хабарлады

    Сурет: sn.kz

    Танымал әзілкеш, блогер Ғалым Махамбет сегізінші рет әке атанатынын мәлімдеді. Ол жұбайымен бірге гендер-пати форматында видео түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Отбасылық видеода ерлі-зайыптылар балаларымен бірге болашақ сәбидің жынысын анықтау сәтін көрсеткен. Қысқа уақыт ішінде жүз мыңдаған қаралым жинаған жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көптеген пікірге арқау болды.

    Пікір білдірушілердің бір бөлігі көпбалалы отбасыға таңданысын білдіріп, әзілкештің жұбайының денсаулығына алаңдаушылық танытты. Олар жиі босанудың әйел ағзасына кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартып, сыни пікірлерін жазды.

    Сонымен қатар, көптеген қолданушы Ғалым Махамбеттің отбасына жылы лебізін арнап, болашақ сәбиге ұзақ ғұмыр, ал анасына мықты денсаулық тіледі. Олардың қатарында танымал тұлғалар да болып, әнші Гүлнар Мұрадимова «Жандарым» деп жазып, қолдауын білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →