Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бернли» «Кардифф Ситиге» қарсы матчқа Сатпаевсыз құрам жариялады • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аяқталды • Астанада әзілкеш сахнадағы балағат сөзі үшін 20 АЕК айыппұл төледі • Актриса Лидия Федосеева-Шукшина қайтыс болды • Қазақстан мен Қытай деректер экономикасы үшін цифрлық көпір салады • «Қызылжар» клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды • «Бернли» «Кардифф Ситиге» қарсы матчқа Сатпаевсыз құрам жариялады • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аяқталды • Астанада әзілкеш сахнадағы балағат сөзі үшін 20 АЕК айыппұл төледі • Актриса Лидия Федосеева-Шукшина қайтыс болды • Қазақстан мен Қытай деректер экономикасы үшін цифрлық көпір салады • «Қызылжар» клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды •

    Алматыда 1 қазаннан бастап су тарифі өзгереді

    Алматыда 1 қазаннан бастап су тарифі өзгереді
    Фото: pixabay.com
    1 қазаннан бастап Алматыда сумен жабдықтау және су бұру тарифтері өзгереді. Мегаполисте бір текше метр судың құны ҚҚС-ты есептегенде – 178,06 теңге, деп хабарлайды Qazaqtoday.info «Алматы Су-ға» сілтеме жасап.

    Ал бизнес үшін тариф жоғарырақ. Заңды тұлғалар үшін судың бір текше метрі 362,18 теңге, ал су бұру қызметі 264,75 теңге болады. Осылайша екі қызметті қосқанда бизнес үшін бір текше метрдің құны 626,93 теңгені құрайды.

    Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің кемінде жартысы мемлекетке тиесілі ұйымдар үшін жеке тариф қарастырылған.

    «Бұл санат үшін бір текше метр судың құны ҚҚС-пен 649,60 теңге, су бұру қызметі 189,14 теңге болады. Жалпы алғанда – бір текше метр үшін 838,74 теңге», — делінген сайттағы хабарламада.

    Есептеуіш құралы жоқ тұтынушылар үшін су бұру құны бөлек есептеледі.

    «Суық суды бұру тарифі бір адамға айына 1791,85 теңге, ыстық су үшін 376,29 теңге болады. Есептеуіш құралын орнату техникалық тұрғыдан мүмкін емес ескі және апатты үйлер мен жатақхана тұрғындары үшін бұл қызмет бір адамға 641,48 теңгеге түседі.

    Есептеуіш құралы жоқ адам үшін тұрмыстық суық сумен жабдықтау және суық суды бұру қызметі ҚҚС-пен қоса алғанда айына 4462,75 теңгені құрайды», — деп көрсетілген «Алматы Су» кестесінде.

    Бақшаны, көгалды, гүлзарлар мен ағаштарды суару үшін де жеке норматив белгіленді. 1 қазаннан бастап ол суару алаңының бір сотығы үшін айына ҚҚС-пен 1780,60 теңгені құрайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →