Степногорскте әскери қызметші өзіне қол жұмсады
Степногорск қаласында әскери борышын өтеп жүрген Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. «29 шілдеде сағат 21.00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді. Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде…
