Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы жасады: Қаза тапқандар бар • Қазақмыс Жезқазғандағы өндірістік нысанды қайта іске қоспақ • Астанада Instagram мен TikTok арқылы лоторея өткізіп, 124,8 млн теңге тапқандар ұсталды • «Сот кабинетіне» кіре алмай жүр: заңгерлер Сот әкімшілігінен жүйені түзетуді талап етті • Қазақстанда LRT үшін жаңа полиция басқармасы құрылады • Тоқаев Си Цзиньпинді ҚХР-дің 77 жылдығымен құттықтады • Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы жасады: Қаза тапқандар бар • Қазақмыс Жезқазғандағы өндірістік нысанды қайта іске қоспақ • Астанада Instagram мен TikTok арқылы лоторея өткізіп, 124,8 млн теңге тапқандар ұсталды • «Сот кабинетіне» кіре алмай жүр: заңгерлер Сот әкімшілігінен жүйені түзетуді талап етті • Қазақстанда LRT үшін жаңа полиция басқармасы құрылады • Тоқаев Си Цзиньпинді ҚХР-дің 77 жылдығымен құттықтады •

    Тоқаев Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілімен жүздесті

    Тоқаев Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілімен жүздесті

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілі – Президент Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикті қабылдады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Мемлекет басшысы Корея Республикасы Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі саналатынына назар аударып, екіжақты ықпалдастық қарқынына жоғары баға берді.

    Президент Қазақстанның корей халқына және Корея Республикасының даму деңгейіне құрметпен қарайтынын атап өтіп, Астана екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Кан Хун Шиктің арнаулы өкіл ретінде елімізге жасаған сапарының маңыздылығына тоқталды және Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңге ыстық лебізін жолдады.

    – Сіздің сапарыңыз қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту тұрғысынан өте маңызды. Бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің ынтымақтастығы арта түсетініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

    Кан Хун Шик қонақжайлық танытқаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдумның табысты өтуіне орай Президент Ли Чжэ Мёңнің құттықтауын жеткізді.

    Арнаулы өкіл Корея Республикасының сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды күшейту, сондай-ақ түрлі салада бірлескен жобаларды іске асыру арқылы өзара қарым-қатынасты мүлдем жаңа деңгейге шығаруға айрықша маңыз артатынын мәлімдеді.

    Әңгімелесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе, соның ішінде жаһандық нарықтағы қазіргі сын-қатерлерге байланысты энергетика, көлік-логистика салаларында ықпалдастық аясын кеңейту перспективасы талқыланды.

    Кездесу соңында Кан Хун Шик Президент Ли Чжэ Мёңнің Қазақстан Президентін Корея Республикасына сапармен келуге және биыл қыркүйек айында Сеулде өтетін «Корея – Орталық Азия» саммитіне қатысуға шақыратынын айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея көшбасшысының шақыруын ықыласпен қабыл алды. Мемлекет басшысы жоғары деңгейде өтетін алдағы келіссөздер екі ел ынтымақтастығын жандандырып, Орталық Азия – Корея Республикасы форматындағы ықпалдастықты арттыруға оң септігін тигізетініне сенім білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →