Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жылыту маусымы 9 қазаннан басталады • Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы мәлімдеме жасады • Президентіміз Оман Сұлтандығының Әл Саид орденімен марапатталды • Астанада Talan Towers-тен құрылыс материалдары көліктің үстіне құлады: кім жауап береді? • 23 жастағы қыз баланы сүйген: анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды • 30-дан астам ықтимал педофил және жаңа тізілім: «Жаңа адамдар» подкастта не айтты? • Алматыда жылыту маусымы 9 қазаннан басталады • Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы мәлімдеме жасады • Президентіміз Оман Сұлтандығының Әл Саид орденімен марапатталды • Астанада Talan Towers-тен құрылыс материалдары көліктің үстіне құлады: кім жауап береді? • 23 жастағы қыз баланы сүйген: анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды • 30-дан астам ықтимал педофил және жаңа тізілім: «Жаңа адамдар» подкастта не айтты? •

    Степногорскте әскери қызметші өзіне қол жұмсады

    Степногорск қаласында әскери борышын өтеп жүрген Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

    «29 шілдеде сағат 21.00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді.

    Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде Оразбайдың асылып тұрғанын көреді», — деді Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі өкілдері.

    Ведомсвто мәліметінше, автопарктің кезекші қызметі Оразбайға жедел медициналық көмек көрсетіп, санитарлық көлікпен Степногорск Орталық қалалық ауруханасына жеткізген. Сол жерде Орталық қалалық ауруханасының дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растаған.

    Қатардағы Оразбай 1995 жылы туған, Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен шақырылған.

    «Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.

    ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мерзімдік қызмет әскери қызметшісі Н.А.Оразбайдың ата-анасы мен жақындарына орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтады», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →