Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы төмендеп барады

🔹 Тікелей шетелдік инвестициялардың ағымы 36%-ға азайды 2024 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) көлемі 12,7 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға азайды. Бұл көрсеткіш Қазақстанда инвестициялардың екі жыл қатарынан төмендеп келе жатқанын көрсетеді. 2023 жылы бұл төмендеу 16,2%-ды құраған еді. Қазақстанның 2029 жылға дейінгі…

Толық оқу

Өзбекстан азаматтарына Қазақстанда еңбек етуге жүз мыңдаған рұқсат берілді – ресми деректер неге сәйкес келмейді?

2024 жылы Қазақстанда 448 мыңнан астам өзбекстандыққа жұмыс істеуге рұқсат берілген Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) мәліметінше, 2024 жылы Өзбекстан азаматтарына 498 792 уақытша тұруға рұқсат берілген. Оның 448 мыңнан астамы еңбек қызметімен айналысуға арналған. Ал 2025 жылдың басынан бері 15 353 өзбекстандыққа уақытша тұруға рұқсат берілген. Бұған дейін Өзбекстанның Көші-қон агенттігі Қазақстанда еңбек мигранттарының…

Толық оқу

Тоқаев Ресей Үкіметінің төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Кездесуде екі елдің стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты жандандыруға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел…

Толық оқу

Сирияға уақытша президент тағайындалды

Жаңа биліктің жетекшісі, яғни уақытша президент Ахмед Аш-Шараа болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Сирияда уақытша президенттің тағайындалуымен қатар, әскер таратылған. Мұны Asharq Al-Awsat жазып отыр. – Сирия президенті міндетін атқарушы болып Ахмед Аш-Шараа тағайындалды, ол елдің президенті ретінде қызмет атқарады және халықаралық форумдарда Сирияны таныстырады, – делінген ресми мәлімдемеде. Сонымен қатар, елдің барлық…

Толық оқу

«Шешім заңды күшіне енген жоқ»: Халықаралық іздеу жарияланған Дана Орманбаеваның күйеуі мәлімдеме жасады

Фото: Instagram.com/daut.shaikhislamov Белгілі КВН ойыншысы Дәуіт Шайхисламов «ұлтаралық араздықты қоздырды” деп айыпталған әйелі Дана Орманбаеваға заңсыз іздеу жарияланғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Дәуіт Шайхисламовтың айтуынша, отандық журналист Дана Орманбаеваға тағылған айыпты «Blogerskii Pizdesh» арнасының авторы Алена Панамарева қолдан жасаған. Ол қазақстандықтар мен мемлекет басшысына үндеу жасады. “Мен заңға ұзақ уақыт сеніп келдім, бірақ қазір…

Толық оқу
Яндекс.Метрика