Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады • Үндістанда қабылан үйге кіріп, алты адамды жарақаттады • Айдос Сарым: Билікті сынаушылардың орнын басатын тұлғалар жоқ • БАӘ-де іздеуде жүрген үш қазақстандық елге жеткізілді • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады • Үндістанда қабылан үйге кіріп, алты адамды жарақаттады • Айдос Сарым: Билікті сынаушылардың орнын басатын тұлғалар жоқ • БАӘ-де іздеуде жүрген үш қазақстандық елге жеткізілді •

    «Қызын миллиардтарды ұрлаудан тыю керек еді»: жәбірленушілер Перизат Қайраттың анасына шүйлікті

    «Қызын миллиардтарды ұрлаудан тыю керек еді»: жәбірленушілер Перизат Қайраттың анасына шүйлікті

    Фото: instagram.com/01pk/

    Елорда сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша жәбірленушілердің жарыссөзі аяқталды. Бүгін 12 адам сөз сөйледі. Олардың екеуі айыпталушының анасына қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Жәбірленуші Руслан Томашев Перизат Қайраттың қорына белгілі бір мөлшерде ақша аударғанын айтты, бірақ нақты соманы атаған жоқ. Сонымен қатар ол айыпталушының анасын да аямауды сұрады.

    «Шешіммен толықтай келісемін. Көптеген жәбірленуші жасы мен денсаулығын ескеріп, жеңілдік жасау туралы айтып жатыр. Меніңше, мұндай нәрсені түбінен тоқтату керек. Үкімді өзгеріссіз қалдыру қажет. Ешқандай жеңілдік жасалмауы, ауруы, жасы немесе басқа сылтауға жол бермеу керек», – деді жәбірленуші.

    Тағы бір жәбірленуші Әмина Аймағанбетова Перизат Қайраттың анасы өз қызының әрекетін қадағалауы тиіс еді деген пікір білдірді.

    «Менің ойымша, ең қатаң жаза қолдану қажет. Өйткені анасы қайда қарап отырды? Қызын миллиардтарды ұрлаудан тыю керек еді», – деді ол өз ұстанымын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →