Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • Роднина Канада премьер-министрінің виза шешіміне жауап берді • Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпазы анықталды • Ташкентте Қазақстан киносының күндері өтті • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • Роднина Канада премьер-министрінің виза шешіміне жауап берді • Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпазы анықталды • Ташкентте Қазақстан киносының күндері өтті •

    Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісі ұсталды

    Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісі ұсталды
    Фото: Pixabay
    Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 21-23 шілде аралығында өтіп жатқан «Тасымалдауш жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 23 шілде күні қалада тасымалмен айналысатын ПАЗ автобусын тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

    Ол бірден наркологиялық диспансерге жеткізіліп, сараптама қорытындысы бойынша жеңіл дәрежелі масаң күйде болғаны расталды.

    Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, автобус тұраққа қойылды.

    Масаң күйде көлік жүргізген жүргізушіге 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қарастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →