Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Тоқаев: Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді Оралда жол апатына түскен жүргізуші көлікте қысылып қалды «Баяғы жартас – сол жартас болып қалмауы керек»: президент қағазбастылықтан арылуға шақырды Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Тоқаев: Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді Оралда жол апатына түскен жүргізуші көлікте қысылып қалды «Баяғы жартас – сол жартас болып қалмауы керек»: президент қағазбастылықтан арылуға шақырды

    Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» сапындағы алғашқы матчында қауіпті сәтімен көзге түсті

    Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» сапындағы алғашқы матчында қауіпті сәтімен көзге түсті

    Фото:Kazfootball

    Қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек Ресейдің Ахмат клубы сапындағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.

    Грозныйлық команда Сербияның Нови-Пазар клубымен жолдастық матчта бақ сынады. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы бұл кездесуде алаңға қосалқы құрамнан шықты.

    Екінші таймның 66-минутында Кенжебек қарсылас қақпасына қауіпті соққы бағыттап, есеп ашуға бір табан жақын болды. Алайда гол соғу мүмкіндігін пайдалана алмады. Араға бірнеше минут салып, сербиялық ұжым қарсы шабуыл кезінде 71-минутта нәтижелі соққы жасап, алға шықты.

    Осылайша жолдастық кездесу 1:0 есебімен «Нови-Пазар» командасының жеңісімен аяқталды.

    Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» клубына ресми түрде 10 қаңтар күні қосылған. Бұл ойын оның Ресей Премьер-лигасы клубы құрамындағы тұңғыш матчы болды. Қазіргі таңда грозныйлық ұжымды Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.

    Ресей Премьер-лигасының маусымдық қорытындысы бойынша «Ахмат» 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде 8-орында келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →