Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті •

    «Үстел теннисі және йогамен айналысамын». Тоқаев 9 келі салмақ тастағанын айтты

    «Үстел теннисі және йогамен айналысамын». Тоқаев 9 келі салмақ тастағанын айтты

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында өзінің денсаулық жағдайына қатысты тараған түрлі әңгімелерге жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Журналист иемлекет басшысынан соңғы кезде оның салмақ тастағаны, сырт келбетінің өзгергені жайлы пікірлерге қатысты түсініктеме беруді сұрады.

    «Денсаулығыма шағымым жоқ, қан қысымым қалыпты. Күн сайын йогамен айналысамын, бірақ медитациясыз. Аптасына екі рет бұрын кәсіби деңгейде ойнаған спортшымен үстел теннисін ойнаймын. Расында, тоғыз келіге арықтадым, бұл өзімді әлдеқайда жақсы сезінуге көмектесті», — деді Президент.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшыларының да спортпен айналысатынын атап өтті. Оның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин жуырда Бішкекте өткен бейресми кездесуде жас дзюдошымен белдесіп, физикалық дайындығын көрсеткен. Әзербайжан басшысы Илхам Әлиев үнемі жаттығу жасайды, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров футбол ойнайды, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев спорт залында жаттығады.

    Ал Армения премьер-министрі Никол Пашинян велосипед тебумен әуестенсе, Беларусь президенті Александр Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ойнайды. Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон да денсаулығына шағымданбайды.

    — «Барлық әріптестерім жақсы физикалық формада», — деп түйіндеді иемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →