Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийдегі трагедиядан аман қалған үш әскери қызметшінің жағдайы тұрақты • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Каспийдегі трагедиядан аман қалған үш әскери қызметшінің жағдайы тұрақты • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды •

    Тоқаев Tausogar зауытының жұмысымен танысты

    Тоқаев Tausogar зауытының жұмысымен танысты

    Фото: Ақорда

    Елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

    №1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.

    Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты.

    Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады.

    Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.

    Айта кетелік Президент Астанада бірқатар нысанды аралап, қаланы дамыту жөнінде кеңес өткізетіні туралы жазған едік.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →