Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады Жүкті әйелін ұрып, шаңсорғыштың сымымен қылқындырған: СҚО-да ашулы еркек төрт жылға сотталды Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды Жіппен тоқылған тарих: Алматыда Батима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ашылды Жетеуі іздестіріліп жатыр: Министрлік Маңғыстаудағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады Жүкті әйелін ұрып, шаңсорғыштың сымымен қылқындырған: СҚО-да ашулы еркек төрт жылға сотталды Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды Жіппен тоқылған тарих: Алматыда Батима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ашылды Жетеуі іздестіріліп жатыр: Министрлік Маңғыстаудағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

    Риддерде жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

    Риддерде жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

    Фото: видеодан скрин

    Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер қаласының төртінші шағынауданында 23 желтоқсан күні күндіз көпқабатты үйдің ауласында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Noks.kz дерегіне сүйене отырып хабарлады.

    Алты жастағы бала подъезден жүгіріп шығып, ауламен өтіп бара жатқан көліктің астына түскен. Соққы салдарынан бала бірнеше метрге ұшып кеткенімен, орнынан өзі тұра алған. Жүргізуші көліктен шығып, баламен сөйлескен, алайда көп ұзамай қайтадан рөліне отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.

    Оқиғаны көрген тұрғындар алаңдап, жағдайды жергілікті чаттарға жариялаған. Үй ауласына орнатылған бейнебақылау камералары жол апатын толықтай жазып алған. Көп ұзамай оқиға орнын тастап кеткен жүргізуші анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

    Полицияның мәліметінше, 23 желтоқсанда Lada X-Ray маркалы автокөліктің жүргізушісі тұрғын үйлердің бірінің маңында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізілген. Жүргізушінің көлігі тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, олардың қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

    Ал қала әкімдігінің хабарлауынша, бала ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер кеуде тұсынан соғылғанын анықтап, қажетті медициналық көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →