Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийдегі трагедиядан аман қалған үш әскери қызметшінің жағдайы тұрақты • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Каспийдегі трагедиядан аман қалған үш әскери қызметшінің жағдайы тұрақты • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды •

    Павлодарда колонияның бұрынғы басшысы сотталып кетті

    Павлодарда колонияның бұрынғы басшысы сотталып кетті

    Фото: Pixabay

    Павлодар қаласында түзету мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты резонансты қылмыстық іс аяқталды. 40 жастағы экс-әділет подполковнигі мемлекеттік құпияларды заңсыз жинады деген айыппен кінәлі деп танылды. Іс материалдарына байланысты сот процесі жабық форматта өтті. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы irbistv.kz дерегіне сүйене отырып хабарлады.

    №45 мекемені басқарған азаматқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған, сондай-ақ мемлекеттік құпия саналатын мәліметтерді заңсыз жинап, таратумен айналысқан.

    Үкімді жариялаған Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығын ескере отырып, жазаларды ішінара сіңіру қағидатын қолданды. Нәтижесінде сотталған азамат 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

    Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →