Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: «Өз» және «жат» деген бөліну болмайды, сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы тұрамыз • Ақтөбеде генерал-майор мен полковник жемқорлық күдігімен ұсталды • Тоқаев Конституцияны елемеуге жол берілмейтінін және мемлекет беделін қорғау қажеттігін айтты • Қырғызстан президенттігіне 11 адам таласады: Садыр Жапаровтың қарсыластары кімдер? • Тоқаев Үкімет пен бақылаушы органдарға жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды • Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады • Тоқаев: «Өз» және «жат» деген бөліну болмайды, сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы тұрамыз • Ақтөбеде генерал-майор мен полковник жемқорлық күдігімен ұсталды • Тоқаев Конституцияны елемеуге жол берілмейтінін және мемлекет беделін қорғау қажеттігін айтты • Қырғызстан президенттігіне 11 адам таласады: Садыр Жапаровтың қарсыластары кімдер? • Тоқаев Үкімет пен бақылаушы органдарға жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды • Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады •

    «Қазақмыстағы» қауіпсіздікке тағы күмән: «Жомарт» кенішінде не болып жатыр

    «Қазақмыстағы» қауіпсіздікке тағы күмән: «Жомарт» кенішінде не болып жатыр

    Фото: видеодан скрин

    Ақпан айында Қазақмыс корпорациясына тиесілі кен орындарының бірінде жеті шахтердің өмірі қиылған еді. Қайғылы оқиғаны тексерген үкіметтік комиссия апатқа компанияны толық жауапты деп танып, негізгі себеп ретінде метан газының тұтануын атады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    Осы жағдайдан кейін «Қазақмыс» өндірістегі қауіпсіздік талаптарын қайта қарап, бірқатар кеніштің жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлаған. Алайда көп ұзамай тағы бір дабыл қағарлық дерек белгілі болды.

    Әлеуметтік желіде тараған, бір ай бұрын түсірілген бейнежазбада «Жомарт» кенішінде тау жынысының опырылған сәті анық көрінеді. Үлкен көлемдегі жыныс тікелей жұмыс істеп тұрған техниканың үстіне құлаған. Кенеттен қатты дыбыс шығып, шахта ішін қою шаң басып, айнала қараңғыланып кеткен. Сол сәтте шахтерлер абыр-сабыр болып, соңғы мүмкіндікті пайдаланып, қауіпті аумақтан қашып үлгерген.

    Қоғам белсенділерінің пікірінше, бұл жолы адам шығынының болмауы — жай ғана сәттілік. Олардың айтуынша, аз ғана кешігу болғанда, тағы бір қайғылы жағдай тіркелуі әбден мүмкін еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →