Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Жылдың үздік боксшысы»: Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова аталмыш атаққа үміткер

    «Жылдың үздік боксшысы»: Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова аталмыш атаққа үміткер

    Коллаж: stan.kz

    World Boxing ұйымы жыл қорытындысы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» номинациясына ұсынылған спортшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Аталған марапатқа Қазақстан атынан ерлер құрамасынан Махмұд Сабырхан үміткер атанды.

    Ерлер арасындағы үміткерлер қатарында өзбекстандық Жавохир Умматалиев пен Фазлиддин Эркинбаев, сондай-ақ бразилиялық былғары қолғап шеберлері Луис Оливейра мен Юри Фалькао бар.

    Ал әйелдер арасында үздіктер тізіміне қазақстандық Наталья Богданова енді. Бұл номинацияда оған үндістандық Жасмин мен Минакши, норвегиялық Суннива Хофстад және польшалық Агата Качмарска бәсекелес болады.

    Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2023 жылы Ташкентте және 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионаттарында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанған. Ал Наталья Богданова Ниш қаласында өткен әлем біріншілігінде қола жүлде иеленіп, қыркүйек айында алғаш рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

    Жеңімпаздар жанкүйерлердің онлайн дауыс беруі арқылы анықталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →