Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Түркістан облысында насыбай өндіретін жасырын цех анықталды

    Түркістан облысында насыбай өндіретін жасырын цех анықталды

    Фото: polisia.kz

    Түркістан облысының Келес ауданында полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында насыбай өндірумен айналысқан жасырын цехты әшкереледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Тексеру барысында жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайындағы аула сарайынан жалпы салмағы шамамен 2000 келіні құрайтын 40 қап дайын насыбай өнімі, сондай-ақ оны дайындауға арналған арнайы құрылғылар табылған. Күдікті – егде жастағы ер адам.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, елімізде насыбайдың адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретіні бірнеше рет ескертілген. Осыған байланысты полиция тарапынан аталған өнімнің зияны мен заңсыз айналымының салдары туралы түсіндіру және алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

    Аталған факті бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →