Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты

    «Сәукелесін жарты жыл дайындадық»: Света Айтбаева қызының ұзату тойын еске алды (ВИДЕО)

    «Сәукелесін жарты жыл дайындадық»: Света Айтбаева қызының ұзату тойын еске алды (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaq.today

    Qazaqstan ұлттық телеарнасының «1001 түн» бағдарламасына қонақ болған Света Айтбаева жақында ұзатылған қызы Раушанның тойына қатысты мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Оның айтуынша, ұзату тойы ұлттық салт-дәстүрге сай ұйымдастырылған. Ұмыт қалып бара жатқан бірқатар дәстүрлер қайта жаңғыртылып, тойдың мазмұнына ерекше мән берілген.

    Сондай-ақ көпшіліктің назарын Раушанның киім үлгісі мен сәукелесі аударған. Света Айтбаева қыз ұзатудағы киімнің маңызына тоқталып, оның түсі мен мәні кездейсоқ таңдалмағанын айтты.

    «Қыз баланың ұзатыларда киетін киімі қызыл түсті болуы керек. Ал қызымның сәукелесін отбасылық жәдігер ретінде сақтау үшін жарты жыл бойы таза күміс тастармен арнайы дайындадық», – деді ол.

    Айта кетейік, Раушанның ұзату тойы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, ұлттық нақыштағы киім үлгісі мен дәстүрдің сақталуы оң пікірлерге ие болды.

    Бағдарламаның толық нұсқасы Qazaqstan TV-дің YouTube арнасында жарияланған.

    @qazaqstan.tv_Света Айтбаева: Раушанның сәукелесін жарты жыл дайындадық «1001 түн» бағдарламасында Света Айтбаева жақында ұзатылған қызы Раушанның тойына тоқталды. Айтуынша, ұзату тойында ұмыт қалған ұлттық дәстүрлер жаңғыртылған. Сонымен қатар көпшіліктің назарын аудартқан — Раушанның киім үлгісі. «Қыз баланың ұзатыларда киетін киімі қызыл түсті болуы керек. Ал қызымның сәукелесін отбасылық жәдігер ретінде сақтау үшін жарты жыл бойы таза күміс тастармен арнайы дайындадық», — деді Света Айтбаева. Бағдарламаның толық нұсқасы Qazaqstan TV YouTobe парақшасында.

    ♬ оригинальный звук — «Qazaqstan» телеарнасы

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →