Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Тоқаев: Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді Оралда жол апатына түскен жүргізуші көлікте қысылып қалды «Баяғы жартас – сол жартас болып қалмауы керек»: президент қағазбастылықтан арылуға шақырды Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Тоқаев: Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді Оралда жол апатына түскен жүргізуші көлікте қысылып қалды «Баяғы жартас – сол жартас болып қалмауы керек»: президент қағазбастылықтан арылуға шақырды

    Ұлттық құраманың жұлдызды ойыншысы Ғалымжан Кенжебек шаңырақ көтерді

    Ұлттық құраманың жұлдызды ойыншысы Ғалымжан Кенжебек шаңырақ көтерді

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елимай» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    22 жастағы футболшы сүйіктісімен ресми некеге отырып, өміріндегі жаңа кезеңді бастады. Спортшының жары — Шығыс Қазақстан облысының тумасы Алтынай. Жас жұбайлар неке қию рәсімінен өткен сәттерін әлеуметтік желіде жариялап, оқырмандардан жылы лебіздер мен құттықтаулар қабылдады.

    Айта кету керек, Ғалымжан Кенжебек жеке өміріндегі маңызды сәттерді жанкүйерлерімен бөлісіп отырады. Бұған дейін ол үйлену туралы ұсыныс жасаған сәтін де әлеуметтік желіде көрсеткен болатын. Енді сол романтикалық қадам заңды некемен жалғасын тапты.

    Сонымен қатар қазіргі уақытта жас футболшыға бірқатар шетелдік клубтардың қызығушылық танытып отырғаны туралы ақпарат бар. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Кенжебекпен жеке келісімшарттың шарттары талқылану үстінде.

    2025 жылы Ғалымжан Кенжебек қазақстандық футболдағы ең жарқын жас ойыншылардың бірі ретінде көзге түсті. Ол «Елимай» құрамында 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берсе, ұлттық құрама сапында 9 ойынға қатысып, 3 гол мен 1 ассист тіркеді.

    Жанкүйерлер жас спортшыға отбасылық өмірінде де, кәсіби мансабында да табыс тілеп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →