Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    Димаш Құдайберген жаңа құрметті атаққа ие болды

    Димаш Құдайберген жаңа құрметті атаққа ие болды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенмен тағылымды кездесу өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Іс-шараға университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, өнер иесімен ашық форматта сұхбат құрып, еркін пікір алмасты.

    Кездесу барысында ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов Димаш Құдайбергенге мәдениетті дамытуға қосқан үлесі, жастардың рухани қалыптасуына ықпалы және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі оң имиджін нығайтудағы еңбегі үшін университеттің Құрметті профессоры атағын табыстады.

    Мотивациялық форматта өткен жүздесуде әнші өзінің өмір жолы мен шығармашылық ізденістері жайында ой өрбітті. Ол ұлттық тамырынан ажырамай, қазақ мәдениетін әлемдік сахнада қалай таныта алғанын баяндап, адам болмысының негізгі тірегі рухани құндылықтар екенін атап өтті.

    «Мен үшін адамды бағалауда ең бастысы – оның рухани байлығы. Ал талант пен кәсіби деңгей екінші орында. Ішкі негізі берік болмаса, жеткен жетістіктің мәні де сезілмейді», – деді Димаш.

    Сондай-ақ ол медицина саласын таңдаған жастарға ерекше құрметін білдіріп, бұл мамандықтың аса күрделі әрі жауапты екенін атап өтті.

    «Сіздер қателікке жол беруге болмайтын салада білім алып жатырсыздар. Медицина – үздіксіз ізденісті, табандылықты талап етеді. Менің ойымша, нағыз жұлдыздар – дәрігерлер. Олар күн сайын адам өмірін сақтап қалады», – деді өнер иесі.

    Кездесу соңында Димаш Құдайберген студенттерге алдағы емтихан сессиясын сәтті тапсыруға тілектестік білдірді.

    Іс-шараның ерекше әсер қалдырған сәттерінің бірі – Димаштың ҚазҰМУ студенттерінен құралған «Дала сазы» ұлттық аспаптар ансамблімен бірге өнер көрсетуі болды. Бірлескен орындауда «Адай» күйі шырқалып, сахна мен залдағы көрермендерге ерекше рух сыйлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →