Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазгидромет 13 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін деп ескертті • Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды • Қазгидромет 13 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін деп ескертті • Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі басталды • Оралда шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салынып, елден шығарылды •

    Дәрігерге қол көтерсең – 12 жыл: Мәжіліс қатаң заң қабылдады

    Дәрігерге қол көтерсең – 12 жыл: Мәжіліс қатаң заң қабылдады

    Фото: Pixabay

    Мәжіліс медицина қызметкерлеріне қатысты күш көрсету деректері үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Жаңа заңға сәйкес, Қылмыстық кодекске 380-3-бап енгізіліп отыр. Онда дәрігерлерге, фельдшерлерге және жедел жәрдем жүргізушілеріне күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту қылмыс ретінде қарастырылады.

    Егер медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданылған жағдайда, айыппұл салу, қоғамдық немесе түзету жұмыстары тағайындалады. Сондай-ақ кінәлі тұлға 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасына тартылуы мүмкін.

    Ал ауырлататын мән-жайлар анықталса, жаза мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейін ұлғаяды. Өмір мен денсаулыққа нақты қауіп төндіретін күш қолдану фактілері бойынша айыпталушылар 5 жылдан 10 жылға дейін, ал аса ауыр жағдайларда 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

    Сонымен қатар, медицина қызметкеріне күш қолданамын деп қорқыту дерегіне де жеке жауапкершілік белгіленеді. Мұндай жағдайда айыппұл, қоғамдық жұмыс немесе 2–3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

    Аталған заң жобасын әзірлеу туралы тапсырманы Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне жасалған бірқатар шабуылдан кейін берген. Заңның мақсаты – дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың кәсіби қызметін қорғау.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →