Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды

    13 желтоқсанда әлемде және Қазақстанда қандай қызықты оқиғалар болған?

    13 желтоқсанда әлемде және Қазақстанда қандай қызықты оқиғалар болған?

    Фото: Pinterest

    Бүгін әлемде қызықты да ерекше мерекелер аталып өтеді. Солардың бірі – Аю күні. Ертегі-аңыздарда жиі кездесетін бұл аң бізге мейірімді, аңғал, епсіз болып елестегенімен, шын мәнінде табиғаттың айбынды да қаһарлы жаратылысы. Қазіргі таңда жер бетінде аюдың бар-жоғы жеті түрі ғана қалған, олардың барлығы мемлекет тарапынан қорғауға алынған. Сондықтан бұл күн – табиғатқа құрмет көрсетіп, жануарлар әлемінің нәзік тепе-теңдігін еске салатын ерекше күн, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

    Бүгінгі күннің тағы бір маңызды мерекесі – Мальта Республика күні. Бұл күннің атаулы болуына себеп – 1974 жылдың дәл осы күні Мальта Ұлыбританияның сыртқы басқаруынан шығып, өзін тәуелсіз республика ретінде жариялады. Алғашқы конституция қабылданып, мемлекет тарихында жаңа дәуір басталды. Британиялықтардың аралдан толық кетуін тағы біраз күтуге тура келсе де, дәл осы 13 желтоқсан Мальта халқы үшін елдің дербес тағдыры айқындалған күн ретінде есте қалды.

    13 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар тізбегі:

    1642 жылы – Жаңа Зеландия ашылды.

    1903 жылы – балмұздаққа арналған конус пішін патенттелді.

    1957 жылы – КСРО пионерлерінің ант мәтіні ресми түрде бекітілді.

    1971 жылы – «Джентльмены удачи» комедиясы киноэкранға шықты.

    13 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар қатары:

    1942 жылы – Павлодар тарихи-өлкетану музейі құрылды.

    1993 жылы – Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге қосылуға шешім қабылдады.

    1995 жылы – Сауд Арабиясында Қазақстанның елшілігі ашылды.

    2009 жылы – Таразда халықаралық стандарттарға сай теннис корттары пайдалануға берілді.

    13 желтоқсанда туған танымал тұлғалар тізімі:

    1902 жылы – кеңестік жазушы, журналист, сценарист, «Огонек» журналының бас редакторы Евгений Петров дүниеге келді.

    1930 жылы – кеңестік театр және кино актері, РКФСР халық әртісі Николай Рыбников туды («Весна на Заречной улице», «Девчата» фильмдері).

    1944 жылы – ресейлік режиссер, жазушы, сценарист Александр Стефанович дүниеге келді. Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алла Пугачеваның бұрынғы жары.

    1975 жылы – америкалық музыкант, вокалист, «Blink-182» тобының гитаристі Том ДеЛонг өмірге келді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →