Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Абылайхан Жүсіпов IBA әлем чемпионатының финалына жолдама алды

    Абылайхан Жүсіпов IBA әлем чемпионатының финалына жолдама алды

    Фото: ҰОК
    Дубайда IBA ұйымдастырған бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Аталған жарыста 71 келі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Абылайхан Жүсіпов финалға шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жартылай финалда қазақстандық боксшы қырғызстандық Ихтият Нишановпен кездесіп, үш раунд бойы айқын басымдық көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) жеңіс Жүсіповке берілді.

    Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының финалына алғаш рет шығып отыр. Бұған дейін ол 2017, 2019 және 2021 жылдардағы әлем біріншіліктерінде үш мәрте қола жүлдегер атанған.

    Сондай-ақ Абылайхан Серік Сәпиевтен кейін әлем чемпионаттарында төрт медаль еншілеген Қазақстанның екінші боксшысы болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →