Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева WTA турнирінің финалында жеңіске жетті • Киіз есік ашылып, шақыру шығады: waw.kz қазақ тойының шақыруын WhatsApp сілтемесіне сыйғызды • Нұрболхан Шарапов төрт қызына жеке үй алып беруді жоспарлап отыр • Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады • Қазақстандық шахматшылар сеньорлар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль алды • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Жібек Құламбаева WTA турнирінің финалында жеңіске жетті • Киіз есік ашылып, шақыру шығады: waw.kz қазақ тойының шақыруын WhatsApp сілтемесіне сыйғызды • Нұрболхан Шарапов төрт қызына жеке үй алып беруді жоспарлап отыр • Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады • Қазақстандық шахматшылар сеньорлар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль алды • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты •

    Тоқалын өлтіріп алған Бишімбаев түрмеде отырса да бұрынғы бәйбішесімен соттасып жатыр

    Тоқалын өлтіріп алған Бишімбаев түрмеде отырса да бұрынғы бәйбішесімен соттасып жатыр

    Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман экс-күйеуінің туған күніне жасаған ерекше “сыйы” туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Instagram-дағы парақшасында Назым Қаһарман бүгін туған күнін атап өтіп жатқанын хабарлады. Әйел дәл туған күнінде таңертең бұрынғы жұбайынан екі бірдей сотқа шақырту қағазын алған.

    «Мен осы “керемет” сыйды таңертең ерте қолыма алуым үшін, өте шұғыл жеткізу рәсімдепті. Бір жыл бұрын, біз оны ата-ана құқықтарынан айыру мәселесі бойынша соттасқан кезде, сот оны сенімхат беруге міндеттеген еді. Сот талап еткен соң, ол сенімхат берді. Бұл сенімхат тура он ай ғана күшінде болды, ал тамыз айының соңында ол сенімхатты толықтай қайтарып алды. Енді ол балалардың атына берілген келісімін де кері қайтарып жатыр, яғни балалар өздері саяхаттай алмауы, шетелге шыға алмауы үшін жасалып отыр», – дейді Назым Қаһарман.

    Назымның пікірінше, Бишімбаев бұл әрекетті балаларды өзімен сөйлесуге мәжбүрлеп, қысым көрсету үшін жасап отыр.

    Әйел бұл талап-арыздарға құқықтық мәселе ретінде емес, психологиялық қысым ретінде қарайтынын атап өтті.

    «Өкінішке қарай, мұндай адамдардан құтылу өте қиын, бұл рас. Олар соңына дейін жабысып алады, әсіресе егер сен жақсы болсаң, адалдығыңмен ерекшеленсең, көп энергия беріп, көп жақсылық жасасаң. Әрине, мұндай адамдар жай ғана кетпейді. Жалпы, мен осы жылы өзіме не тілеймін? Ең бастысы, олардан құтылсам деймін», – деді Назым Қаһарман.

    Айта кетейік, Назым Қаһарман экс-министр Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл некеде болған, олардың үш баласы бар. Жұбайлар экс-министрдің сыбайлас жемқорлық бойынша бірінші қылмыстық іс бойынша түрмеден босап шыққанынан бір жылдан кейін, 2020 жылы ажырасқан.

    Фотоколлаж: ulysmedia

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →