Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті •

    «Ұлттық қорға төнген қауіп»: сарапшы КТК-ға тағы шабуыл жасалса Қазақстан экономикасының құлдырайтынын айтты

    «Ұлттық қорға төнген қауіп»: сарапшы КТК-ға тағы шабуыл жасалса Қазақстан экономикасының құлдырайтынын айтты

    Оның сөзінше, Қазақстанның бүкіл қаржы жүйесі осы бір құбырға байлаулы. Үш ірі мұнай кен орнының экспорты дәл сол бағытпен жүреді, ал бюджет пен Ұлттық қорды толтырып отырған негізгі кіріс — мұнай мен газ. Яғни КТК тоқтаса, ел бір сәтте ең ірі табыс көзінен айырылады.

    «Қазақстан бұл тәуекелді баяғыда-ақ түсініп, экспортты әртараптандыруға кірісуі керек еді. Қарыз алып болса да, балама маршруттар — Қытай бағыты, Түркия арқылы өтетін транзит және басқа да жаңа бағыттар — әлдеқашан дамуы тиіс болатын», — деді ол. 

    Шурманов КТК-ның қазіргі геосаяси ахуалда аса қауіпті аймаққа айналғанын айтады. Қақтығыс күшейген сайын бұл инфрақұрылым қысым көрсетудің құралына айналып барады. Оның үстіне, құбырдың артында АҚШ компанияларының ірі мүдделері бар, сондықтан КТК геосаяси ойынның бір инструментіне айналған.

    Экономист ерте ме, кеш пе құбырға едәуір зақым келу ықтималдығы жоғары екенін ескертеді. Ал ондай жағдай орын алса — елді бірден экономикалық құлдырау күтіп тұр.

    Шурмановтың пікірінше, Қазақстан жаңа экспорттық бағыттарды дәл қазір ойластырып, іске асыруға кірісуі керек. Бірақ бұл мәселеде ең үлкен кедергі — саяси фактор. Ең жақын көршімізбен арадағы дипломатиялық қатынас ашық түрде «басқа маршрутқа көшеміз» деуге мүмкіндік бермей отыр.

    Дегенмен, соңғы оқиғалардан кейін Қазақстанның балама жолдар туралы әңгіме бастауына салмақты уәжі пайда болды. Өйткені бұрынғы «бейресми кепілдіктердің» ешқайсысы қазір жұмыс істемейтіні айқындалды.

    Сарапшының айтуынша, енді Қазақстан келіссөз үстеліне қайта отырып:

    «Қолданыстағы маршрутпен жұмыс істейміз, бірақ өзіміздің тәуелсіз экспорттық бағыттарымызды да дамытамыз» деп ашық айтуы тиіс.

    Бұл — аса нәзік дипломатияны талап ететін қадам.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →