Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады •

    Елімізде шұғыл жедел жәрдем шақыру ақысы қымбаттауы мүмкін

    Елімізде шұғыл жедел жәрдем шақыру ақысы қымбаттауы мүмкін

    Фото: Pixabay
    Шұғыл жәрдем шақырту тарифін өзгертуге бағытталған жаңа бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Жиі айтылатындай, жедел дәрігер шақырту құны алдағы уақытта қымбаттауы ықтимал, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Денсаулық сақтау министрлігі төлем мөлшерін қайта қарау жөнінде бастама көтерген.

    28 қарашада ұсынылған жоба 15 желтоқсанға дейін қоғамның талқысына ұсынылады.

    Құжатта: «МСАК ұйымдарының жұмыс кестесінен тыс шақыртылатын 4-санатты шұғыл жағдайлар үшін шығындар тариф бойынша өтеледі. Бұл тариф бір тіркелушіге 340 теңгеден 360 теңгеге дейін көтеріледі. Өзгеріс жедел көмек ресурстарын нығайтып, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге жағдай жасайды» делінген.

    Аталмыш жоба Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының жұмысына тікелей әсер етеді. Бұйрық қабылданса, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейінгі шақыртулар бойынша жаңа төлем тәртібі енгізіледі.

    Осылайша, мысалы, түн ішінде бала сыр берсе, 103-ке хабарласып ұзақ күту қажеттілігі азаюы мүмкін. Оның орнына емханаға тіркелген учаскелік дәрігерді немесе кезекші топты үйге шақырту мүмкіндігі қарастырылған. Төлем МӘМС қоры есебінен жүргізіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →