Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды •

    8 млн қазақстандықтың банкке қарызы бар

    8 млн қазақстандықтың банкке қарызы бар. Яғни, экономикалық белсенді адамның барлығының мойнында несие бар. Бұл мәселені шешудің жолы қандай? Осы және қоғамдағы өзге де өзекті тақырыптар Назарбаев Университетте талқыға түсті, деп хабарлайды «Хабар24»-ке сілтеме жасаған Qazaq.today агенттігі.  

    Отандық һәм шетелдік ғалымдар «Жаһандық және жергілікті басқарудағы шекараларды кеңейту» конференциясында ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, конференцияда халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік басқару тиімділігі, миграция, интеграция, туризм және халық пен билік арасындағы диалог тақырыптары кеңінен қаралды.

    «Кейбір саясаткерлер халық қаржылық сауатсыздықтан қарызға батады дейді. Халық табысы төмен болғаннан несие алуға мәжбүр. Жалақысының басым бөлігін тамаққа жұмсайды. Жаңылмасам, қазір тұрғындардың қарызы 14 триллион теңгеге жетті. Билік ғылыммен тығыз байланыс орнатуы тиіс. Мемлекет басшысы екі жыл бұрын әл-ауқатына қарай салық салу туралы айтты. Алайда, өзгеріс жоқ. Жаңа экономикалық саясат құрсақ қана алға басамыз. Әлеуметтік теңсіздік, кедейлік, төмен жалақы, монополия, саяси күштердің, олигархтардың ықпалы сияқты «ауруларымызды» мойындауымыз керек», — дейді экономист Қуат Акижанов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →