Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Отбасы банк ипотекаға үй кепілінің жасын 10 жылға ұлғайтты Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Отбасы банк ипотекаға үй кепілінің жасын 10 жылға ұлғайтты Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді

    «Бұрын тұрмыста болмаған»: Дәурен Айдарқұлов өзінен 15 жас кіші үшінші әйелі туралы айтты

    «Бұрын тұрмыста болмаған»: Дәурен Айдарқұлов өзінен 15 жас кіші үшінші әйелі туралы айтты

    Фото: видеодан скрин

    Танымал актер Дәурен Айдарқұлов “TalkLike” бағдарламасына берген сұхбатында үшінші әйелі туралы әңгімелеп, бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесінің үшінші әйелінің есімі – Жұлдыз. Актердің айтуынша, танысқаннан 2 апта өткеннен кейін ағасының алдынан өтіп, үйленуді жоспарлаған.

    “Мен 2022 жылдан бері өзіме жар іздеп жүрмін. Осы уақыт аралығында қаншама қызбен таныстым, біреуі ұнамайды, біреуімен сәйкес келмейміз. Мен желіні өзіме әйел іздеу үшін қолданғандықтан, бір уақытта желінің өзі маған қандай қыз керек екенін түсініп, тек оранған қыздарды ұсына бастады. Сөйтіп ұнатқандарыма жазатынмын. Қазіргі келіншегіме жазып бастағаннан бастап, бірден әңгімеміз жарасты. Есімі Жұлдыз. Танысқаннан 2 апта өткеннен кейін Астанаға арнайы барып, ағасымен таныстым. Әкесі 2016 жылы қайтыс болған екен, сондықтан ағасының алдынан өтіп, келісімін алдым. Әрі қарай тойды жоспарладық”, – деді ол.

    Ол қазіргі әйелі актердің бұған дейінгі өмірінен хабардар екенін ашып айтты.

    “Үшінші әйелім менің бұған дейін екі рет үйленіп, ажырасқанымды біледі. Ешқандай мәселе жоқ. Бұл тақырып несие тарихы сияқты ғой. Менің несие тарихым керемет емес. Екі рет ажырасқанмын, бес балам бар. “Кім қарайды? Кім тиеді?” деп ойлайсың ғой, бірақ Алланың қалауымен бұрын тұрмыс құрмаған жар кездестірдім”, – деді ол.

    Белгілі актер әйелінің өзінен 15 жас кіші екенін жасырмады.

    “Біз әлеуметтік желі арқылы танысып, сөйлесе бастадық. 19 шілдеде таныстық, 26 қыркүйекте некеміз қиылды. Мен оны алғаш рет неке қияр сәтте көрдім. Яғни бір-бірімізді бірінші рет өмірде сол кезде көрдік. Енді бірге өмір сүру барысында бір-бірімізді ақырындап танып жатырмыз. Әйелім 28 жаста, 1997 жылы туған. Жас айырмашылығымыз 15 жас. Екеуміз танысқанда ол ақыл тоқтатқан қыз болды. Үйде онлайн жұмыс істейді. Түрлі жалған ақпараттар тарап жатыр ғой. Бірақ шындықты осында айтайын”, – деді ол.

    Сондай-ақ Дәурен Айдарқұлов қайын жұртымен қарым-қатынасы туралы әңгімеледі.

    “Солтүстіктің Оңтүстікке көзқарасы ерекше ғой. Олардың тарапынан “Шымкентке тұрмысқа шығып жатырсың, Алматыда тұрсаң да, ол жігіттің өзі де, ата-анасы да шымкенттік” деген сияқты уайым болды. Қазіргі енеммен ашық отырып сөйлестік, оған уайымдайтындай дүние жоқ екенін айттым. Қазір өзінің де көзі жетіп жатыр деп ойлаймын. Енеммен қарым-қатынасымыз жақсы”, – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →