Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды •

    Қазақстан президенті Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші турындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. 

     

    Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді, – деп жазды президент Twitter желісіне.

     

    Еске сала кетсек, Түркияның Жоғары сайлау кеңесі президент сайлауының екінші турының қорытындысын жариялағанболатын.

    Учаскелерде 99 пайыздан аса сайлау жәшігі  саналды. Дауыс берудің нәтижесінде іс басындағы президент Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,16 пайыз дауысын жинап, қайтадан мемлекет басшысы болып сайланды. Енді ол Түркияны 2028 жылға дейін басқарады.

    Ал Ердоғанның басты қарсыласы болған Кемал Кылычтароғлы сайлаушылардың 47,84 пайыз дауысын алды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →