Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Киіз есік ашылып, шақыру шығады: waw.kz қазақ тойының шақыруын WhatsApp сілтемесіне сыйғызды • Нұрболхан Шарапов төрт қызына жеке үй алып беруді жоспарлап отыр • Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады • Қазақстандық шахматшылар сеньорлар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль алды • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды • Киіз есік ашылып, шақыру шығады: waw.kz қазақ тойының шақыруын WhatsApp сілтемесіне сыйғызды • Нұрболхан Шарапов төрт қызына жеке үй алып беруді жоспарлап отыр • Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады • Қазақстандық шахматшылар сеньорлар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль алды • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды •

    «Ақтөбе» футбол клубы да жекеменшікке өтетін болды

    «Ақтөбе» футбол клубы да жекеменшікке өтетін болды

    Фото: ФК «Ақтөбе»

    Qazaq Stroy компаниясының негізін қалаушы әрі үлескері Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» клубының иесі атанбақ, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қараша айының басында «Ақтөбе» клубын жекешелендіруге дайындық жүріп жатқаны белгілі болған еді. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бұл мәселе бойынша шешім жыл соңына дейін қабылданатынын айтқанымен, сол кезде инвестордың аты-жөні жария етілмеген.

    Осылайша, «Ақтөбе» жеке меншік иесі бар ҚПЛ клубтарының қатарына қосылды. Бұған дейін инвесторлары анықталған клубтар:

    • «Қайсар» – бизнесмен Исламғали Қозбақов (TAU Group Ltd),
    • «Қызылжар» – ЦАТЭК компаниясының қосалқы иесі Сергей Кан,
    • «Жеңіс» – кәсіпкер Михаил Ломтадзе (Kaspi).

    Сондай-ақ «Шахтёр», «Тараз», «Елімай» және «Ертіс» клубтары да жекешелендіру процесінде тұр.

    Айта кетейік, Артықбаев алғаш рет Forbes Kazakhstan журналының ең бай бизнесмендер рейтингіне 2025 жылғы мамыр айында енді. Ол тізімде 228 миллион доллар көлеміндегі капиталы арқылы 44-орында тұр. Qazaq Stroy компаниясынан бөлек, ол Telecom Systems Ltd. компаниясының иесі. Аталған компания «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының шамамен 10% акциясына ие.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →