Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Теннисші Александр Бублик рекордтық көлемде табыс тапты

    Теннисші Александр Бублик рекордтық көлемде табыс тапты

    Фото: sports.kz

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик жылды сәтті қорытындылады.ATP ресми сайтында қазақстандық теннисшінің биылғы маусымда қанша табыс тапқаны жария етілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бублик 2025 жылы 2 млн 905,991 АҚШ доллары (1,5 млрд теңге) көлемінде табыс тапқан. Бұл – А.Бублик үшін рекордтық көрсеткіш.

    Қазақстандық теннисшінің спорттық жолындағы барлық табысы 10 млн 646,354 мың долларға (5,5 млрд) долларға жетті.

    А.Бублик ATP турнирлерінде сегіз титул жеңіп алса, соның төртеуі биылғы жылдың үлесіне тиеді.

    Сонымен қатар Александр Бублик әлемдік рейтингіде 11-орнын сақтап қалды. Бұл да ол үшін үздік нәтиже болып есептеледі.

    Ерлер арасында 2025 жылы табыс табу жөнінен әлемнің 2-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, италиялық Янник Синнер 19 млн 120,641 мың АҚШ долларымен көш бастап тұр.

    Әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысында алты рет үздік шыққан испаниялық Карлос Алькарас (18 млн 803, 427 мың доллар) екінші, германиялық Александр Зверев (6 млн 060,174 мың доллар) үшінші сатыда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →