Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    «Қалтасын тексеремін»: Тоқтар Серіков бала тәрбиесіне қатысты тәжірбиесін бөлісті

    «Қалтасын тексеремін»: Тоқтар Серіков бала тәрбиесіне қатысты тәжірбиесін бөлісті
    Фото: instagram.com/toktar_beibit

    Белгілі әнші Тоқтар Серіков отбасындағы бала тәрбиесі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ол қазіргі заманның қауіп-қатеріне алаңдап, ата-ана ретінде балаларын әрдайым бақылауда ұстайтынын айтты.

    «Балаларымның қалтасын үнемі тексеремін. Өйткені қорқамын – бір зиянды зат, темекі немесе басқа нәрсе табылып қалса ше? Қазір заман күрделі, баланы бақылау – ата-ананың басты міндеті», – деді әнші.

    Сонымен қатар, Тоқтар балаларға бөтен адамдардан ештеңе алмауды және интернеттегі қауіптерден сақ болуды үнемі ескертіп отыратынын айтты. Әншінің жары, Бейбіт Сейдуалиева да бұл тәсілді қолдайтынын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →