Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Әділетсіз өтті»: Блогер қыз «Қазақ аруы – 2025» байқауының жеңімпазы атанды

    «Әділетсіз өтті»: Блогер қыз «Қазақ аруы – 2025» байқауының жеңімпазы атанды

    Фото: видеодан скрин

    Кеше Алматыда өткен «Қазақ аруы – 2025» ұлттық сұлулық байқауында Талдықорған қаласының атынан қатысқан Дәрия Қуатжан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Байқаудың жеңімпазы халықтың дауыс беруі арқылы таңдалды. Дауыс беру нәтижелері жобаның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

    Финалдың қорытындысы бойынша Дәрия Қуатжан 26 376 дауыс жинап, басты бәсекелесінің бірі Диана Қырымды (13 160 дауыс) екі есеге жуық басып озды. Үздік үштікті Дариға Рахым (11 045 дауыс) түйіндеді.

    Алайда желі қолданушылары блогердің аудиториясы рөл ойнап кеткенін айтып, байқаудың әділетсіз өткеніне шағымданды.

    «Әділетсіз өтті блогер қыздар сайсы деп ауыстыру қажет келесі жылы», «Дұрыс емес мынау дауыс беру», «Аудиториясы көп болғаннан кейін ұтқан ғой», деді олар.

    Дәрия – жас кәсіпкер, дизайнер. Жоба ұйымдастырушылары оның ұлттық өнер мен дәстүрлі ою-өрнектерден шабыт алатынын атап өтті. Ол осы өнер арқылы «қазақ мәдениетінің рухын жеткізуді» мақсат етеді.

    Айта кетейік, былтыр ұлттық сұлулық байқауында Қызылорда облысының тумасы, 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы “Қазақ аруы – 2024” атанған еді. Алайда желі қолданушылары арасынан байқау әділетсіз өтті деп санағандар көп болды.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Қазақ Аруы» байқауына 15 жыл! (@qazaq_aruy_official)

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →