Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды

    Теңге қайта тыныс алды: экономист Мақсат Халық тұрақтылықтың уақытша болуы мүмкін екенін ескертті

    Теңге қайта тыныс алды: экономист Мақсат Халық тұрақтылықтың уақытша болуы мүмкін екенін ескертті

    Фото: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

    Соңғы уақытта теңгенің нығаюы қоғам назарында тұр. Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, ұлттық валютаның тұрақтана бастауы бірқатар ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен болып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Біріншіден, қазіргі кезеңде әлемдік нарықта АҚШ долларының әлсіреуі байқалады. Бұл — АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) базалық пайыздық мөлшерлемені төмендету саясатының нәтижесі. «ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл бастаған топтың шешімі доллардың резервтік валюталарға да, дамушы елдердің ұлттық валюталарына да қатысты әлсіреуіне ықпал етті», — дейді экономист.

    Екіншіден, Қазақстанның Ұлттық банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 18% деңгейінде ұстап отыр. Бұл шешім теңгеге оң әсерін тигізуде. «Базалық мөлшерлеме жоғары болған сайын теңгелік активтер — депозиттер мен құнды қағаздар — инвесторлар үшін тартымды бола түседі. Табысты көбейткісі келетін азаматтар мен инвесторлар қаржысын теңгемен ұстауға мүдделі, бұл өз кезегінде ұлттық валютаға деген сұранысты арттырады», — дейді Мақсат Халық.

    Ал доллардың 550 теңге деңгейіне қайта оралу ықтималдығына келсек, сарапшы бұл бірнеше жағдайға байланысты екенін айтады:

    • Егер базалық мөлшерлеме төмендей бастаса, теңге әлсіреуі мүмкін;

    • Мұнай бағасы күрт құлдыраса, теңгеге қысым түсуі ықтимал;

    • Әлемдегі геосаяси тұрақсыздық пен жаңа шиеленістер де валюталық нарыққа тікелей әсер етеді.

    «Сондықтан алдағы уақытта теңге бағамының тағдыры осы факторлардың қалай өрбитініне байланысты болады. Қазір теңге аздап нығайғанымен, тұрақтылық ұзақ мерзімде сақтала ма, ол жағын уақыт көрсетеді», — деп түйіндеді экономист.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →