Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды

    Мұрат Әбділдә түрмедегі камераластарына концерт қойды (ВИДЕО)

    Мұрат Әбділдә түрмедегі камераластарына концерт қойды (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Желіде әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділдәнің түрме сахнасында өнер көрсетіп жатқан сәтінен видео тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы stan.kz-ке сілтеп.

    Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында блогер Мұрат Әбділдәнің ән айтып тұрған сәтінен видео жарияланды. Ақпаратқа сәйкес, колонияда шағын концерт ұйымдастырылып, блогер сахнада өнер көрсеткен. Қазір ол жазасын Шымкенттегі №54 мекемеде өтеп жатыр.

    “Ассалаумағалейкүм, құрметті бауырлар. Бүгін Шымкент қаласы №54 мекемеде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар ұйымдастырыла берсін, аман болайық”, – дейді ол.

    Сондай-ақ Мұрат Әбділдә еркіндікке шыққан соң қайтадан шығармашылыққа оралатынын айтады.

    “Түрмеден шыққаннан кейін шығармашылықпен, әндеріммен айналысамын, бірнешеуін дайындап қойдым. Жақсы жаңалықтар күтіңіздер”, – деді ол.

    Айта кетейік, Мұрат Әбділдә Қылмыстық кодекстің 174-бабы – «Әлеуметтік алауыздықты қоздыру» бойынша сотталған еді. Былтыр ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған болатын. Алайда пробация талаптарын бірнеше рет бұзғандықтан, қайтадан колонияға жіберілді.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Qaimaq media • Stan.kz (@qaimaq.media)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →