Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Роза Әлқожа: Әншілердің әлеуметтік желідегі өмірі шынайы емес • Астанадағы жаңа дүкен ашылуында фуршет үстелі сынып, қонақтар арасында қарбалас туды • Семейде мейрамхана маңында атыс ашқан ер адам бес тәулікке қамауға алынды • Ақтауда бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды • Жамбыл облысында мұғалім оқушыны ұрып-соқты деген күдікпен ұсталды • Дәрігер мәртебесі: депутат Медеуова бастамасына сарапшылар пікірі • Роза Әлқожа: Әншілердің әлеуметтік желідегі өмірі шынайы емес • Астанадағы жаңа дүкен ашылуында фуршет үстелі сынып, қонақтар арасында қарбалас туды • Семейде мейрамхана маңында атыс ашқан ер адам бес тәулікке қамауға алынды • Ақтауда бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды • Жамбыл облысында мұғалім оқушыны ұрып-соқты деген күдікпен ұсталды • Дәрігер мәртебесі: депутат Медеуова бастамасына сарапшылар пікірі •

    Қағазда бәрі әдемі: депутат цифрлы қызметтің барлық адамға бірдей қолжетімді емес екенін сынады

    Қағазда бәрі әдемі: депутат цифрлы қызметтің барлық адамға бірдей қолжетімді емес екенін сынады

    Фото: видеодан скрин

    Бүгін Мәжілісте депутат Сенжеғұл Сейтжан халықтың атынан көптің көкейіндегі сұрақты қойды.

    — «Иә, бәрін цифрландырып жатырсыздар. Бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдар не істейді? Кнопкалы телефон ұстайтындар қалай мемлекеттік қызмет алады?» – деді ол.

    Өйткені елде мыңдаған адам әлі күнге дейін смартфон ұстамайды, интернетке кірмейді. Ал электронды үкімет пен цифрлы жүйелердің көбін қолдану үшін арнайы қосымша мен смартфон керек.

    Вице-министрдің жауабы:

    — «Енді мемлекеттік қызметтерді кнопкалы телефон арқылы да алуға болады. Дауыспен сұрап, SMS арқылы растауға мүмкіндік беріледі», – деді ол.

    Яғни, енді қарапайым телефонмен де кей қызметтерді алуға жол ашылмақ. Министрлік қазірдің өзінде 45 мемлекеттік қызметті осындай форматқа бейімдеп қойған. Мысалы, баланың тууына байланысты жәрдемақы, зейнетақы немесе айыппұл туралы хабарлама сияқты қызметтерді қарапайым телефон арқылы алуға болады.

    Бірақ депутат Сенжеғұл Сейтжан бұған сенімді емес.

    — «Қағазда бәрі әдемі, ал шын өмірде адамдар әлі де қиналып отыр. Үш жыл бұл мәселені шешуге аз», – деді ол.

    Оның айтуынша, ескі жүйелер мен жаңа цифрлы технология арасындағы алшақтық халықты тағы да теңсіздікке итермелеуі мүмкін.

    Министрлік болса, бәрі біртіндеп шешіледі дейді.
    Бірақ халықтың көкейінде сұрақ қалды: «Цифрлы теңдік бәріне жете ме, әлде кнопкалы телефон ұстағандар тағы да шетте қала ма?»

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →