Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты •

    Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған сарбаз Бекет Мырзағалиев әскери борышын аяқтады

    Каспийдегі қайғылы оқу-жаттығудан аман қалған Бекет Мырзағалиев әскери борышын аяқтап, Атырауға оралды. Ол Ақтаудағы №29011 бөлімінде қызмет еткен.

    Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған сарбаз Бекет Мырзағалиев әскери борышын аяқтады

    Фото: әлеуметтік желі

    Каспий теңізіндегі қайғылы әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған сарбаз Бекет Мырзағалиев мерзімді әскери қызметін аяқтап, туған жеріне оралды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сарбазды Атырау әуежайынан ата-анасы, туған-туыстары мен достары күтіп алды. Бекет Ақтау қаласындағы №29011 әскери бөлімінде борышын өтеген. Ол 2025 жылғы 3 қазанда әскер қатарына шақырылған.

    Бекет Мырзағалиев — Атырау облысы Махамбет ауылының тумасы. Оның анасы Қарлығаш Мырзағалиеваның айтуынша, ұлы Каспийдегі оқиғадан кейін ауруханаға жатқызылмаған және жағаға өз күшімен жеткен. Кейін оның жағдайы жақсы екені хабарланды.

    Қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде болды. Ашық деректерде жаттығуға қатысқан 17 әскери қызметшінің үшеуі аман қалып, 14 сарбаздың қаза тапқаны жазылды.

    Оқиғадан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін аман қалған әскери қызметшілер мемлекеттік «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Марапатталғандар қатарында №29011 әскери бөлімінің матросы Бекет Қуандық, матрос Ақжол Темірхан және санитариялық нұсқаушы Никита Удалов бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →