Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты •

    Жамбыл облысында мұғалім оқушыны ұрып-соқты деген күдікпен ұсталды

    Жамбыл облысында мұғалім оқушыны ұрып-соқты деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бір жыл бұрын болған, тергеу жалғасуда.

    Жамбыл облысында мұғалім оқушыны ұрып-соқты деген күдікпен ұсталды

    Фото: gov.kz

    Жамбыл облысында оқушыға күш қолданды деген күдікке ілінген мұғалім уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға шамамен бір жыл бұрын болған. Кейін мұғалім баланың анасынан кешірім сұрап, сол сәтте эмоцияға берілгенін және әрекетінің дұрыс болмағанын мойындаған. Ол оқушының отбасынан тағы да кешірім сұрады.

    Оқиғаға қатысты полиция тексеру жүргізді. Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бабымен қылмыстық іс қозғалған.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →