Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Кентауда 1,5 млрд теңгеге металл құрылымдар зауыты іске қосылды • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Кентауда 1,5 млрд теңгеге металл құрылымдар зауыты іске қосылды •

    «Мынау не сұмдық»: Гүлзира Айдарбекова елге ренішін жеткізді

    «Мынау не сұмдық»: Гүлзира Айдарбекова елге ренішін жеткізді

    Фото: видеодан скрин

    Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы жақында өткен концертіне байланысты желіде тараған қауесетке пікір білдірген , деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Желі қолданушыларының Алматыдағы Орталық стадионда өткен концертті «Қайраттың соңғы ән кеші» дегені Гүлзира Айдарбекованың шамына тиген.

     

    «Мынау не деген сұмдық? «Соңғы концерті» дегені несі? Кішкене ұят болу керек қой. “Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле” деген. Ана жүрегімді тілгілей бергенде қарағайдай мүйіз шыға ма, осы хайп жасағыштарға, әлде халық алғыс айтып үстілеріне шапан жаба ма екен? Күніге сан түрлі өсек, не болды сонша шыдамның да шегі бар шығар. Біз де ет пен сүйектен жаратылған пендеміз, темір емес. Дұрыс дүние жазып, жақсы ойласа екен админдар. Бәріңізде ұл-қыз өсіріп, үміт күтіп отырған жоқсыздар ма? Мына админдар деген күннен-күнге хайп жасап, жазылушыларын көбейту үшін, өтірік өсек ойластыра беретін болды ғой. Соған сеніп қаншама адам ауыздарына келгенін жазады, одан қалса жалдамалы өз адамдары фейк аккаунтпен жүртты кері пікірге итермелеп отырады, өсекті өрбітіп. Неше түрлі заң шығып жатыр, неге мұндай алаяқтарға заң жоқ? Өсектен басқа шаруа жоқ па, не болып барамыз?», — деп ашынды Г. Айдарбекова.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →