Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Кентауда 1,5 млрд теңгеге металл құрылымдар зауыты іске қосылды • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Кентауда 1,5 млрд теңгеге металл құрылымдар зауыты іске қосылды •

    Тұрсынбек Қабатов шулы оқиғадан кейін халыққа үндеу жасады (ВИДЕО)

    Тұрсынбек Қабатов шулы оқиғадан кейін халыққа үндеу жасады (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың халықты алаяқтардан сақтануға шақырған видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ол азаматтарды, әсіресе қарттарды, интернет пен телефон арқылы әрекет ететін алаяқтардан сақ болуға шақырды.

     

    «Құрметті достар, жерлестер! Батыс Қазақстан облысында, әсіресе Орал қаласында алаяқтар көбейіп кетіпті. Әсіресе ата-әжелер мен аға-жеңгелерге айтарым – өте сақ болыңыздар. Банктенмін деп хабарласып, «құжатыңызды жіберіңіз», «сізге СМС келеді, соны маған айтыңыз» деп алдайды екен. «Шотыңызды бұзайын деп жатыр», «сіздің атыңыздан кредит алып жатыр» деп сендіреді. Тіпті полицияданбыз деп хабарласып, «ұлыңыз бізде отыр, тәртіп бұзды» деп ақша сұрайтындар бар», – деді Тұрсынбек Қабатов.

     

    Оның айтуынша, алаяқтар қоңырау кезінде банктің немесе полицияның шуы сияқты жасанды дыбыстарды қосып, адамдардың сеніміне кіреді.

     

    «Ондай адамдар өте айлакер келеді. Сондықтан да ешкімге жеке деректеріңізді, банк картасының нөмірін, құпия кодын бермеңіздер. Шын мәнінде банк те, полиция да телефон арқылы ақша сұрамайды. Сақ болыңыздар, алданып қалмаңыздар!» – деп ескертті әзілкеш.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →