Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    Роза Рымбаева не себепті екінші рет тұрмыс құрмағанын түсіндірді (ВИДЕО)

    Роза Рымбаева не себепті екінші рет тұрмыс құрмағанын түсіндірді (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Танымал әнші Роза Рымбаева жолдасы өмірден өткеннен кейін қалай қиналғанын айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесі әлі күнге дейін жалғызбасты ана екенін жасырмады.

    «Күйеуімді сағынамын. Мен тек өмірде жалғыз емеспін, өнерде де жалғызбын. Әрине, өнеріме ғашық адамдар бар. Мен оның барлығын Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіне жеткен адамды кездестірмедім, іздеген де жоқпын. Екі балама өзім әке, өзім шешемін. Менің осы деңгейге жетуіме еңбегін, шығармашылығын, білімін арнаған — Тасқын. Онымен кездеспегенде сахнада жүру, жүрмеуім белгісіз. Оны жасың ұлғайған сайын түсіне бересің», – деді ол.

    Сондай-ақ екі ұлына қандай ана екенін де айтып берді.

    “Барлық ана бірдей екен. Әли мен Мәди түнгі 11-ден кейін үйге келмесе, бірден хабарласамын. “Мама, менің жасым 30-дан асты” деп Әли ренжіп жатады. Аналар балаларының оқығанын, жақсы маман болғанын армандайды. Мен де сондаймын. Өсу жолындағы денсаулығына алаңдаймыз. Жүрегім дүрсілдеп елеңдеп отырамын. Ұрсатын кезде ұрсамын. Тал түскен дейін ұйықтатпаймын. Осы сұхбатқа келетін кезде де ұлыма ұрсып келдім”, – деді халық әртісі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →