Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Отбасы банк ипотекаға үй кепілінің жасын 10 жылға ұлғайтты Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Отбасы банк ипотекаға үй кепілінің жасын 10 жылға ұлғайтты Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді

    «Адамның еңбегін бағаламау»: Дариға Бадықова енді үнсіз қалмайтынын айтты

    «Адамның еңбегін бағаламау»: Дариға Бадықова енді үнсіз қалмайтынын айтты

    Фото: видеодан скрин

    Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде жазба жариялап, кино саласында түрлі пікірталас туындап жатқан сәтте кәсіпкер Алмаз Малдыбаевқа ашық түрде қолдау білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

     

    «Көреалмаушылық — ұлт рухының ең үлкен жауы. Қолдау — ең ұлы ерлік», – деп бастаған ол жазбасында.

     

    Бадықова өз өміріндегі алғашқы шығармашылық қадамдарын еске алып, сол кезде Алмаз Малдыбаевтың сенімі мен жылы сөзі үлкен демеу болғанын айтты.

     

    «Киноға алғаш келгенімде мені сеніммен қарсы алып, бағыт көрсеткен, “қазағым” деп шабыт берген адам — Алмаз аға Малдыбаев еді. Ол қазақ киносының діңгегі, жүйе қалыптастырған, көптеген таланттарға жол ашқан тұлға. Кино саласын тұрақтылыққа, кәсібилікке, әлемдік деңгейге бағыттаған адамдардың бірі», – деді актриса.

     

    Оның айтуынша, соңғы кезде өнер саласында орын алған түрлі сын мен күмән көп жағдайда әділдік пен адамдық принциптеріне қайшы келеді.

     

    «Қазір түрлі әңгіме көбейген кезеңде мен үнсіз қала алмадым. Өйткені өнерде ең маңыздысы – әділдік пен адамдық. Бір адамның еңбегін бағаламау – тұтас саланың дамуына кедергі», – деп жазды ол.

     

    Бадықова сондай-ақ Қазақстан атынан Оскарға жолдама алған «Кадет» фильмі туралы да пікір білдірді.

     

    «“Кадет” фильмі – еліміз атынан Оскарға ұсынылған алғашқы үміткерлердің бірі. Өкінішке қарай, бұл қуанышты сәтті өз ішіміздегі көреалмаушылық көлегейлеп тастады. Бұл бір фильмнің тағдыры ғана емес, өнерге деген көзқарасымыздың айнасы. Қолдау болмаса, ешқашан биікке шыға алмаймыз», – деді ол.

     

    Сөз соңында актриса қазақ киносының болашағы тек бірлік пен әділдікте екенін атап өтті.

     

    «Мен өзіме кезінде сенім артқан адамға қазір қолдау білдіруді парыз санаймын. Қазақ киносының күші – бірлікте, болашағы – қолдауда, рухы – әділдікте», – деп түйіндеді Дариға Бадықова.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →