Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Электронды жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Электронды жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті

    Келісім тағы бұзылды: Израиль Газаға әуе соққысын жасады

    Келісім тағы бұзылды: Израиль Газаға әуе соққысын жасады
    Фото: Getty Images

    Газа секторындағы соғысты тоқтату бойынша келісім тағы да бұзылды. Израиль әскері анклавқа әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ВВС-ге сілтеме жасап.

    Премьер-министр Биньямин Нетаньяху ХАМАС қозғалысы бітім шарттарын бұзып, кепілге алынғандардың денесін қайтару туралы жалған ақпарат бергенін мәлімдеді.

    ХАМАС бақылауындағы дереккөздерге сүйенсек, шабуыл салдарынан кемінде 33 палестиналық қаза тапты. Әуе соққылары Газа, Бейт-Лахия, әл-Бурейдж, Нусейрат және Хан Юнисте орналасқан үйлер мен мектептерге тиген.

    Израиль тарабы ХАМАС-ты бітім шарттарын бұзды деп айыптады. Ұйым бір тұтқынның орнына бұған дейін табылған басқа адамның сүйегін қайтарған. Сот сараптамасы қайтарылған қалдықтар 2023 жылы Nova фестивалінде қаза тапқан Офир Царфатиге тиесілі екенін анықтаған.

    Бітім АҚШ-тың арағайындығымен 10 қазанда күшіне енген еді. Алайда екі тараптың бір-бірін айыптауы атысты тоқтату режимінің бұзылғанын көрсетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →