Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Көшпенділер әлем ойындары Бішкек Аренада салтанатты түрде ашылды Франкфурт әуежайында безгектен екі қызметкер қайтыс болды Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Көшпенділер әлем ойындары Бішкек Аренада салтанатты түрде ашылды Франкфурт әуежайында безгектен екі қызметкер қайтыс болды

    Арқалықта тойдан кейін 150-ге жуық адам уланды

    Арқалықта тойдан кейін 150-ге жуық адам уланды

    Фото: Pixabay

    Қостанай облысының Арқалық қаласында тойға барған қонақтар жаппай тамақтан уланып, 85 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, мейрамхана жабылған.

    Дәрігерлердің мәліметінше, Арқалықта мейрамханадағы мерейтойдан кейін тамақтан уланудың белгілерімен 85 адам ауруханаға жатқызылған, олардың үшеуі емделуден бас тартқан. Зардап шеккендер арасында жеті бала бар.

    “Санитарлық авиация арқылы инфекционист дәрігерлерден, штаттан тыс мамандардан, терапевттер мен педиатрлардан құралған мамандар тобы жіберілді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Жангелдин ауданында 27 науқас, Арқалықта – 52, облыстық ауруханада – 6 адам бар. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлеріне қауіп жоқ”, – деді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдана Бүркітбаева.

    Қостанай облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мейрамханда тексеру жүргізіп, микробиологиялық және бактериологиялық талдау үшін тағам мен судан үлгілер алынған.

    “Мейрамхананың қызметкерлері тексерілді. Талдау нәтижелері әлі дайын емес. Белгілі болғандай, кафе күнделікті қызмет көрсетпеген, тек банкеттік шараларға қызмет еткен. Қылмыстық кодекстің “санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қостанай облысының бас мемлекеттік дәрігері мейрамхана қызметін тоқтату туралы бұйрық шығарды”, – деді департамент басшысының орынбасары Гүлім Досымова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →