Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады Ресейде алтыннан қымбат жаңа минерал ашылды Семейдегі аспалы көпірде полиция көліктерді жаппай тексерді Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады Ресейде алтыннан қымбат жаңа минерал ашылды Семейдегі аспалы көпірде полиция көліктерді жаппай тексерді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Серхио Мухикамен кездесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев Серхио Мухикамен кездесті

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас хатшысы Серхио Мухиканы қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық стандарттау ұйымы жаһандық сауда, инновация мен орнықты дамудың негізін қалыптастыратын беделді институт екеніне тоқталды.

    Президент Қазақстанның ISO-мен бірге цифрлық трансформация, орнықты даму және цифрландыру секілді салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға әлеуеті мол екенін жеткізді.

    Бас хатшы Серхио Мухика ұлттық стандарттау жүйесі мен цифрлық технологияны дамыту бағытындағы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, еліміздің ұйым қызметіне белсенді қатысатынын және халықаралық стандарттарды енгізуге әзір екенін атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серхио Мухика табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жұмыстардың жаңа бағыттарын дамытуға өзара ниет танытты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →