Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    УЕФА Қазақстанға айыппұл салды

    УЕФА Қазақстанға айыппұл салды

    УЕФА талаптарының қатаң сақталуы — ел футболының беделі мен имиджі үшін маңызды.

    Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) қыркүйек айындағы ойындардың нәтижесі бойынша айыппұл салды.

    Мұндай шешім Қазақстан жастар құрамасы (U-21) мен Англия командасы арасындағы Еуропа чемпионаты-2027 іріктеу кезеңіндегі матчқа қатысты шығарылған. Айта кетейік, бұл кездесу 8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында өткен болатын.

    УЕФА-ның тәртіптік комитеті ҚФФ-ны екі тармақ бойынша кінәлі деп таныды. Біріншісі – жанкүйерлердің алаңға шығуы (1 250 еуро айыппұл), екіншісі – матчтың уақытында басталмауы (7 500 еуро айыппұл). Нәтижесінде, жалпы айыппұл көлемі 8 750 еуро немесе шамамен 5,5 миллион теңгені құрады.

    Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде өткен ойын 2:0 есебімен Англия құрамасының жеңісімен аяқталды. Қонақтар сапында Итан Нванери мен Джоб Беллингем көзге түсті. Джоб Мадридтің әйгілі «Реал» клубында және Англия ұлттық құрамасында ойнайтын Джуд Беллингемнің туған інісі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →